Ақшадан тарыққан қызылордалық келіншек бойдақ жігітті алдап соқты. Үш баласы, заңды некедегі күйеуі бола тұра ол тұрмысқа шыққан. Қалың малын алған соң түрлі сылтаумен қашып кеткен. Айлакер әйелдің жасы – 23-те. Қулықты абысынымен бірігіп істеген көрінеді. Бұл туралы жігіттің туыстары әлеуметтік желіде жазған. Жұрт мұны қызу талқылап жатыр. Бұл- бірінші жағдай емес, дейді білетіндер. Қос келіншек бұны кәсіп қылып алғанын айтады. Ауылда аңқау жігіт көп, соларды құрыққа түсіретін көрінеді. Ал құзырлы органдар бұл жағдайға қатысты арыз-шағым түспегенін мәлімдеді.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Қызылорда облысы Полиция департаментіне қарасты бөліністерде аталған дерек бойынша арыз-шағым және өтініштер тіркелмеген.
Т. Әлжанов