Русский Сайттың толық нұсқасы

Тамызда құрғақшылық болуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2022
  • 2351

Тамызда құрғақшылық болуы мүмкін. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасады. Синоптиктердің айтуынша, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі. Дегенмен, Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі.

Ә. Дүкембаева