Бірер күн бұрын елордадағы тұрғын үйлердің бірінде қос дөңгелекті техника жарылды. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Зарядкадан кейін жарылған ғой. Үйде жарылды содан кейін күйеу балам площадкаға шығарды гироскутерді. Пожарный келді.
Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:
Гироскутер деген атауды алғаш қазақстандықтар 2012 жылы ести бастады. Сағатына 20 шақырымды артқа тастайтын ыңғайлы құрылғының қауіптілігі де жоқ емес.
БЛИЦ:
- Бауырларым гироскутер алып бер деп сұрайды. Оның қауіпті екенін жаңа біліп отырмын.
- Гироскутердан жарақат алған адамдар да бар.
- Гироскутер аларда қымбатын алу керек. Қытайдікін алды бір ауылда ойнап жүргенде жарылып қалды.
Гироскутердің танымалдылығының артуына байланысты түрлі компаниялар жапатармағай трендтегі техниканы шығара бастады. Алайда оның сапасына мән беріп жатқан ешкім жоқ. Елімізде оның орташа бағасы- 40 мың теңге. Ал мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтау керек дейді.
Біржан ЕРЕЖЕЕВ, ИНЖЕНЕР:
Негізгі бөлшектерінің бірі ол- литейный аккумулятор. Ыстық жерлерде яғни күннің астында ұзақ тұрса және де ұзақ зарядта болса жанып кету қаупі өте жоғары. Ресми сайттардан алу шарт.
2015 жылы Америкада 250 гироскутер өздігінен жанып, істен шыққан. Арнайы комиссияның зерттеу нәтижесі бойынша жарылу қаупіне байланысты 500 мыңнан астам құрылғы кері қайтарылды. Ал біздің елде мұндай ресми статистика жоқ. Мамандар қос дөңгелекті техниканы су тиюден сақтап, 3 сағаттан артық қуаттамауға кеңес береді.
К. Мерей