"Air Astana" әуекомпаниясы Fly Arystan рейсін 15 сағат кешіктіргені үшін 3 милион теңгеден астам айыппұл төлейді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов хабарлады. Оның айтуынша, жауапқа тартылған әуекомпания рейстің кешіктірілу барысында жолаушыларға қонақ үй қызметін ұсынбаған. Анықталған заң бұзушылыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, әуекомпанияға 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Бұл - Air Astana-ға бір айдың ішінде салынған үшінші айыппұл.
Әділет КӨБЕНОВ, ҚР ИИДМ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ, АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі уақытта рейстердің кешігуіне байланысты, жолаушылардың наразылығына байланысты рейстердің кешігуі бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Авиакомпаниялар тарапынан құқық бұзушылық фактісі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Б. Сатуов