Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада отбасылық интернет-дүкеннен 3 келі мефедрон тәркіленді

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2022
  • 1413

Елордада  телеграм арқылы есірткі сатқан ерлі-зайыпты ұсталды. Тәртіп сақшылар әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде аталған интернет-дүкенді назарына алып, күдіктілердің ізіне түскен. Оларды ұстау операциясы бір мезетте екі мекенжайда қатар жүргізілді. Есірткі бизнесін қыздырған дүкен иесі нашаны жасырып жатқан жерінен ұсталса, әйелі пәтерде отырып-ақ, сайт әкімшісі ретінде синтетикалық есірткіні таратуға қатысқан. Енді полицейлер күдіктілердің басқа сыбайластарын ұстауға күш салып жатыр.

Ақтоты БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
 
Ерлі-зайыптыдан 3 келі мефедрон және 260 грамм қарасора шайыры тәркіленді. Қала көшелеріне есірткінің 10 мыңнан астам мөлшерін жіберудің жолы кесілді. Қазір олардың мефедронды қайдан алып келгені анықталып, елордаға есірткі жеткізушілермен байланысы пысықталуда. Күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

К. Мерей