Қаржылық мониторинг агенттігінің жұмысы мен тоқтаусыз ескертуіне қарамастан, айла-амалдардың қылмыс екендігін біле тұра, қаржы пирамидаларына тосқауыл болмай тұр. Оларға алданатындар да азаяр емес. Қиналмай пайда табамын дегендер қомақты қаражаттарын алаяқтардың алақанына өздері салып беретін көрінеді. Сосын ақшаларынан айырылып қалған соң келіп көмек сұрайды дейді құзырлылар. Биыл жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 мыңнан астам адам алаяққа алданған.
Тимур МҰҚАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Департамент «Астана Раушан касса айналымы», «Investment Consulting Agency» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Отбасы мен жастарды қолдау қоры» корпоративтік қоры деп аталатын қаржы пирамидаларын әшкереледі. Оларды ұйымдастырғандар сот үкімімен инвестиция мен ақшаны салуға байланысты қызмет түрлерімен айналысу құқығынан ұзақ жылға айырылып, абақтыға қамалды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Eden Life», «MMK Investment», «World Business Consulting», «Sincere Systems», «Antares Trade», «Antares Limited» қаржы пирамидаларын құру фактісі бойынша істер тергелуде.
Бұндай компаниялар кем дегенде 24 мың теңге салып, үстінен үстемақы аласың деп қызықтырады. Бірақ ақшаның қабылданғанын растайтын құжаттар бермейді. Салымшыларға әр әкелген клиенті үшін қосымша пайыз береміз деп уәде ететін көрінеді. Мамандар қаржы пирамидасын анықтауға болатын бірнеше белгілерді ұсынады:
Медет РАХИМОВ, НҰР-СҰЛТАН қ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы тармақтардың кем дегенде біреуімен сәйкестік болса, аулақ болыңыз, қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз. Қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккен болсаңыз дереу Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 76 79 43 телефоны бойынша хабарласыңыз.
Департамент қызметкерлері тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Себебі, оңай ақша табуға деген ұмтылыс одан да үлкен қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.
А. Базарбай