Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Рим папасы еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған.
К. Мерей