Русский Сайттың толық нұсқасы

Қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендейді

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2022
  • 1218

Қыркүйек айында коронавирустың таралуы төмендейді. Бірақ, тамызда инфекция жұқтырудың  орташа тәуліктік көрсеткіші 4 мыңға дейін жетеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.     Соңғы екі аптада коронавируспен ауырғандар  саны 3,2 есе артқан. Өткен тәулікте   2021  жағдай тіркелді, өлім-жітім  жоқ.  

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Дельта нұсқасымен салыстырғанда ауру әлдеқайда жеңіл өтуде. Бұл елімізде науқастардың 94 пайыздан астамы амбулаториялық емделіп жатқанымен де расталып отыр. Стационарлық ем қабылдайтын пациенттерді талдау кезінде 36 пайызы балалар, 64 пайыз ересек адамдар екені, ал ауырған барлығының 52 пайызы бұл қосалқы хроникалық созылмалы ауруы бар екені анықталып отыр.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуі қажет екенін тапсырды. Әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде тағу секілді шектеу шараларын енгізіп, вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды ескертті.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырудың көбейгенін, әсіресе, елорда және Қарағанды облысында өскенін көріп отырмыз. Күн сайын республика бойынша 3 мыңға дейін жағдай тіркеледі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шектеу шараларын күшейтті, олар өңірлермен және «Атамекен» палатасымен алдын ала келісілді.

Бағалау матрицасына сәйкес, қазір Нұр-Сұлтан қаласы ғана «сары» аймақта, ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қызыл" аймаққа өткен қалалар мен облыстарда Ashyq жүйесін қолдану және жұмысшылардың бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттелетінін айтты. Ол екі кезең бойынша жүргізілмек.

Т. Әлжанов