Русский Сайттың толық нұсқасы

1-маусымнан бері елімізде 140 адам суға кеткен

  • AstanaTV
  • 02 тамыз 2022
  • 1004
Шомылу маусымы басталғалы елімізде 140 адам суға кеткен, оның 49-ы бала. Былтырмен салыстырғанда адамдардың суға батуы 42 процентке аз. Алайда бұл көңіл көншітпейді деді Премьер -министр Үкімет отырысында. Әлихан Смайылов жауапты органдар  бейбіт күнде азаматтарымыздан айырылып жатқанымызға бей-жай қарамай, сақтық шараларын әсіресе балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігіне тоқталды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Су қателікті кешірмейді. Ел азаматтары балалар қауіпсіздігіне сақ болуы қажет. Біз қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдауымыз керек. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, онда құтқарушылардың болуын бақылауды тапсырамын. Халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп, суға түсуге болмайтын жерлерді анық белгілеу қажет.

К. Мерей