Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жаңа үйдің тұрғындары шу шығарды. Айтуларынша, баспаналар өте сапасыз салынған. Бөлме аралық қабырғасы- гипсокартон дейді. Тіпті, кейбір үйлердің қабырғасы тесіліп қалған. 5 баланың анасы Гүлнәр Әбижанованың бұл үйге көшіп келгеніне небәрі 1 ай болыпты. Алайда, үйдің қабырғасы жарылып, есіктің жақтауы опырылып жатыр.
Гүлнәр ӘБИЖАНОВА, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Тіреу жоқ ертең бәрі құлап кетуге мүмкін. Жауапгершілік жоқ ешкімде.
Бұл үй әу баста орталық жылу жүйесіне қосылуы тиіс болған. Бірақ, ол орындалмаған. Әр үйге жеке пеш орнатылыпты. Онымен пәтерді жылыту мүмкін емес дейді тұрғындар.
Өркен КҮЗЕНБАЕВА, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бұл пештің қасында отыру керек. 4 қалақ не саламыз ол моментально жарты сағат да жетпейді жанып кетеді. Үйдің іші сразу суиды. Шелекпен салсақ ана жерде температурасы бар ғой мына пеш селкілдейді. Жарылып кетуі мүмкін.
10 пәтерлі 5 үйдің құрылысына қазынадан 100 млн теңге жұмсалынған. Десе де үйдің сапасы тұрғындардың көңілінен шықпайды.
Самалхан ШОНА, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
Мынау міне жарылып жатыр. Төбеден су ағып жатыр. Қабырға мынау. Қатты итерсең құлайды. Шатырды жөндейік десек, не есік, не тесік жоқ. Линолуем жыртылып жатыр.
Баспананың сапасыз салынғанын айтып, қоғамдық бірлестік өкілдері де әкімдікке бірнеше мәрте хат жазыпты. Алайда, одан да нәтиже шықпаған.
Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ:
Үйдің ішінде бір қабырға жоқ кірпіштен салынған. Енді үстіндегі жабуын қарасаңыз бетонный плиталар. Сонда сұрақ туындайды. Бұның тіреуіштері жоқ, кірпіш жоқ ешқай жерде. Сонда жанағы жабылған плиталардың тіреулері қайда? Ертең оған кім кепілдік береді? Құлап кетпейтініне, ортаға түспейтініне.
Үйді салғандар да, оны қабылдап алған әкімдік өкілдері жауапкершілікке тартылу керек - дейді тұрғындар. Ал аудан атқамінерлері мәселені шешеміз дегеннен басқа жарытып жауап бермеді.
Абылайхан БЕЛГІБАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа үйге кірдік барлығы жаңа. Бәрі тұр. Содан кейін сатып алдық. Линолиумның тонкий екенін біз қайдан білдік. Кісілер кіргеннен кейін ғана осындай проблемалар шығып жатыр.
Ербатыр МОЛДАТАЕВ, МАЙҚАЙЫҢ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ:
Үйдің екі шетіндегі қабырға основной болып саналады. Сондықтан, гипссокартоннан салынған бөлме арасын бөліп не ешқандай нагрузка жоқ. Ол плита қабырғаға ешқандай нагрузка түсірмейді.
Әкімдік сапасыз салынған үйді қалпына келтіруге демеуші іздемек. Ал оның табылар табылмасы белгісіз.
Ө. Қуанар