Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен полицей қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2022
  • 1626

Алматыда полицей қызметтік көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қатты соққы алған  49 жастағы әйел сол жерде көз жұмды. Апат қаладағы Жансүгіров көшесінің бойында болған. Оңтүстік бағытта келе жатқан патрульдік полиция көлігінің жүргізуші марқұмды көшенің қиылысында қаққан. 29 жастағы күдікті р қамауға алынды. Оған қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталған.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-ші бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркелді. Жүргізуші ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-ші бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.  
 
Ал осы маңда тұратын тұрғындар бұл жерде  жол апаты жиі болатынын айтады. Көліктер қатты жылдамдықпен жүйткиді дейді.   
 
Гүлбағира, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Осы жерге бір светофор қойса болар еді тегі, өзі қорқам жүруге мына жерде. Жиі боп тұрады осы жерде. Постоянно соғылып жатады машина.

Ә. Лесбек