Русский Сайттың толық нұсқасы

Қамаудағыларды сабаған тергеу изоляторының 4 қызметкері істі болды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2022
  • 1288

Оралдағы тергеу изоляторының 4 қызметкері қамауда отырған төрт адамды ұрып-соққаны үшін істі болды. Оларға «Азаптау» бабы бойынша айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.  Қазір қылмыстық іс Орал қалалық сотында қаралып жатыр. Күдіктілердің екеуі қамауға алынған.
 
Әсел БЕРҚАЛИЕВА, БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:


Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері 2021 жылдың наурыз айында бұрын орын алған жанжал үшін сотталғандарды жазалау және мекемеде ұстау режимін мүлтіксіз орындау қажеттілігі мақсатында бірқатар сотталғандар мен қамауға алынған адамдарға дене жарақатын салғаны анықталды.
 
Құқыққорғаушылардың дерегінше, жыл басынан бері қамауда отырған 35 адам полицейлерден жәбір көрдік деп шағымданған.

Е. Карин