Русский Сайттың толық нұсқасы

"AMANAT" партиясы азық-түлік бағасына тексеру жүргізіп жатыр

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2022
  • 2563

Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр. Атырауда күріш, айран, жуа бағасы айналдырған  жеті күнде 40 процентке өскен. Қант құны да түсер емес. Ашынған халық қалтаны қаққан қымбатшылық әбден қажытты – дейді.

Гүлжан ДОСОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Овощ қымбат, продукты тағы қымбат. Жақсы продукты продукты ғой, овощь дегенді кішкене арзандату керек қой. Шілдеде. Жақсы қыстың мезгілінде қымбат. Тамызда мынау деген масқара ғой.


«AMANAT» партиясы жанынан  құрылған мониторингтік топ  сауда орындарын аралап, сатушыларға бағаны негізсіз көтермеуге кеңес берді.

Сәкен ӨСКЕНБАЕВ,"AMANAT" ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Бұрынғы аптада күріш  310 теңге болса, қазір 400 теңгеге жақындап қалған. Әрбір жер әртүрлі, өзінің қалаған бағасын қойып жатыр. Жуаның қымбатсуы байқалады, мысалы, бұрынғы аптада 155 теңге болса,  бүгін  287 теңге. Яғни, бірнеше 30-40 пайызға дейін қымбаттаған.

Ал Павлодарда ұн және макарон өнімдері 65 процентке қымбаттаған.  Сондай-ақ сүзбенің бағасы өскен. Оның бір келісі 1700 теңгеге жеткен.

Гүлнәр МҰҚАШЕВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Ана жолы бір жұма бұрын болды. Қолма-қол талап алды. Біз келсек жетпей қалды. Қант іздеп жүрмін. Варениеге.         

Олег КОСТЕНКО, "AMANAT " ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әсіресе, қантқа деген тапшылық барын байқадық. 500 келі қант жарты сағат ішінде сатылып кетіп жатыр. Сондықтан, құзырлы органдарға жағдайды қалыпқа келтіру бойынша тиісті ұсыныстар жіберілетін болады.


Ал, Алматы қаласында әлеуметтік азық-түлік сататын орындардың көбі жабық. Қазір партиялықтар бос дүңгіршектердің жауапты тұлғаларын іздеп, жұмыс кестесін сұрауға көшкен. Бағаны жөн-жосықсыз көтерген сатушыларға шара қолдануға кірісті.  

Артур КОТЕНОВ, АЛМАТЫ қ. МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біз базар басшыларымен сөйлестік, өкінішке қарай, өнімдердің қандай жүйелілікпен, ең бастысы қандай көлемде әкелінетіні туралы нақты ақпарат ала алмадық. Көптеген сауалымыз жауапсыз қалды. Енді шара қолдануға тура келеді.

А.Задабек