Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі ретінде санайды",-СІМ

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2022
  • 1009

Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысын сақтауды қолдайды.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапары Қытай Халық Республикасы үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын.

А. Задабек