Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жоғары оқу орындарының жерлері жекеменшікке өтіп кеткен",-Б.Базарбек

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2022
  • 1202

Алматы қаласында мемлекеттік жоғары оқу орындарының кейбір жерлері  жекеменшікке сатылып кеткен. "Жер аманаты" комиссиясы төрағасының орынбасары  Бақытжан Базарбек жерді тиімсіз пайдалануға қатысты нақты  мысалдар айтты.     Саябақ пен жоғары оқу орындарының кейбір аумақтарының  жекенің иелігіне өтіп кеткенін комиссия тексеріс барысында анықтаған.  Енді заң аясында оны мемлекет меншігіне қайтаруымыз керек дейді ол.

Бақытжан БАЗАРБЕК, «ЖЕР АМАНАТЫ» КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЗАҢГЕР:


Заңсыз әрекеттерді тоқтату, заңсыз қабылданған қаулыларды бұзу мақсатында және жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында 20 жуық арыздарды дайындап қойдым. Қазір біз осындай тексерістерді жалғастырудамыз. Тексерістер ұйымдастыру, заңсыз шығарылған қаулыларды анықтау, сол заңсыз қаулыларды сот шешімімен бұзу және заңсыз шығарылған жерлерді мемлекетке қайтару.

Ә. Дүкембаева