Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 11 жасар қыз суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2022
  • 1522

Шымкентте 11 жасар қыз суға кетті. Қайғылы  жағдай Бадам өзенінде болған. Төтенше жағдай қызметінің ақпаратынша, жасөспірім сол маңға отбасымен демалуға келген.  Алдын ала болжам бойынша, ол өзен үстіндегі құбырдан құлаған. Жүзе алмағандықтан, суға батып кеткен.
 
Әуезхан СЕРІК, ШЫМКЕНТ қ.ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ:
 
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына берді.
 
Мамандар су айдындарында балаларды көзден таса қылмауды ескертеді. Жыл басынан бері қалада   8 бала суға кеткен. Оның үшеуі үйдегі бассейнге тұншыққан.

А. Төребекқызы