Академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың«Менің Әуезовім» кітабы түрік тілінде жарық көрді. Роман-эссе қазақ әдебиетінің классигі, заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны мен ұстаздық қызметіне негізделген. Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орайластырылған тағылымды кітаптың таралымы- 1000 дана. Таныстырылымға жиналған зиялы қауым өкілдері түрік тіліндегі туындыға жоғары баға берді.
Мұрат ӘУЕЗОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ:
Мұхтар Әуезовтің әңгімелері аударылған түрік тіліне. Шынымен біздің негізіміз және болашағымыз түрікшілдікпен байланысты. Сондықтан, неғұрлым түркі бауырларымызды өз-өзімізге осы жақсы қасиеттерімізді, іс-әрекеттеріміздің арқасында өзімізге тарта білсек, солардың ортасында бола білсек соғұрлым болашағымыз ашық болады деп білемін.
К. Мерей