Русский Сайттың толық нұсқасы

"Үтік басып, күйдірген": 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2022
  • 1295
Арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптау туралы іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.  Тергеу нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 адамға азаптау қолданғаны дәлелденді. Қылмыстық іс сотқа жолданған. Сондай-ақ, ведомстваның мәліметінше, азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ:

Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар. 2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Ә. Дүкембаева