Алматыда балалар арасында тұрмыстық жарақат алу белең алып тұр. Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында қазір 276 науқас ем алып жатыр. Күн сайын ауруханаға 300-ге жуық бала түрлі жарақаттармен келеді дейді дәрігерлер.
Мейіржан ҚҰРМАНАЛИЕВ, БАЛАЛАР ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Балалардың ойнайтын алаңдарының дұрыс жабдықталмауы. Ол, біріншіден, толық қоршалмауы. Басқа да мотоцикл, элеткросамокатпен балалардың алаңдарынан өтіп, олардың жарақаттары келіп жатады. одан кейін әткеншек, горка дейміз, төмпешіктерден сырғанап жатқан кезде дұрыс бекітілмеуі жағдайларынан да келіп түсіп жатады.
Ғалымжан Қойбағаров – екі баланың әкесі. Күнделікті ол балаларын тұрғын үй алдындағы алаңқайға серуенге шығарады. «Ойын алаңқайларының жағдайын жетілдіріп, қауіпсіз қылуға болар еді»,- дейді ол.
Ғалымжан ҚОЙБАҒАРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жақсылауға болатын еді бұл качелялардың жағдайын. Белбеу қоюға болар еді кішкентайларға арнап. Және де мына жерден машиналар шығады постоянно, кішкентай балаларға қауіп төнеді. Лежачий полицейский қойса болар еді.
Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:
Кейде ойын алаңқайларындағы серуен балалар үшін аурухана төсегімен аяқталып жатады. Әрине, ойын баласы болған соң жарақат алмау мүмкін емес. Алайда, олардың қауіпсіздік шаралары сақталмаған немесе тозығы жеткен әткеншектердің кесірінен зардап шеккендері өкінішті.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардан түскен шағымның ешқайсысы жауапсыз қалмайды.
Ермек ТІЛЕКЕНОВ, МЕДЕУ АУДАНЫ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Біз 20 ауланы қарастырып отырмыз, уақыты келіп, күрделі жұмыстардан өтеді деген аулаларды. Алдында өткен күрделі жұмыстардан аулаларға зерттеу жүргізіп, жағдайларын қарап, келесі жылы жоспарлап отырмыз тоже, қарастырамыз.
Алматы қаласында 4220 балалар алаңы бар. Соның 2 мыңға жуығы жөндеуді қажет етеді. Биыл 496 аула жаңартылмақ.
М. Жақан