Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында құрылыс қарқынды

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2022
  • 1609

Атырау облысында 5 мектептің құрылысы басталды. Әрқайсысы 600 балаға арналған 4 білім ордасы қала маңындағы ауылдарда бой көтереді. Сондай-ақ, 300 орындық мектеп-интернат Индер ауданында салынады.

Еркінқала ауылындағы білім ордасының қазір іргетасы құйылып жатыр. Бас мердігер «Таразқұрылысинвест» компаниясы жоспар бойынша құрылысты  1 жарым жылда   аяқтаса,   үш ауысыммен оқу  мәселесі шешіледі.  

Нұрлыбек САҚПАРОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ғимараттардың ерекшеліктері бұл ғимараттар заманауи технологиялық  құрал жабдықтармен жабдықталған.  Оқушыларға арналған бүкіл жағдайлардың барлығы жасалған. Спорттық залдар, ішкі және сыртқы спорттық алаңдары және тамақ беру, асхана орындары  бәрі қамтамасыз етілген.   

Аймақта биыл  әлеуметтік нысан құрылыстары  қызып жатыр.  Облыс дамуының кешенді жоспары бойынша 2025  жылға дейін  46 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек өңірде демеушілер есебінен 3 балабақша салынып жатыр.   Сондай-ақ, 10 спорттық, 700 орындық  3 мәдениет үйі бой көтермек. Аққыстау ауылында  кәріз тазарту станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Тұрғын үй құрылысы да қарқынды.   Құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытында пайдалануға берілуі қатаң бақылауда,- дейді  жауаптылар.

Б. Надірқызы