Русский Сайттың толық нұсқасы

Оқу құралдарының бағасы қымбаттаған

  • AstanaTV
  • 09 тамыз 2022
  • 3135

Оқу құралдарының құны аспандап тұр. Осылай деген ата-аналар жыларман күйде. Қыркүйек қарсаңында саудасы қызған дүкендер, бағаны тіптен шарықтатып жіберген.  
Таңмен таласа оқу құралдарын сатып алуға келген  бұл келіншектің 3 баласы биыл мектепке барады.  Кеңсе тауарларын сататын жәрмеңкеге келген ананың айтуынша,  баға жаға ұстатады. Дәптер, қаламның құны соңғы аптада 10 процентке дейін көтерілген дейді.

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

35 теңге дейді дәптерлер. 100 мыңдай кетеді бір балаға. Еще жетпей қалады.

Мектеп жәрмеңкесінде оқуға қажетті құралдың барлығы бар. Сапасына қарай бағасы   әртүрлі. 12 беттік бір дәптер – 25 теңге мен 40 теңге арасында саудаланып жатыр. Ал, қаламсап жинағын – кемінде 250 теңгеге табасыз. Оған 100 теңге тұратын сызғыш пен 500 теңгеге алатын  сурет альбомын қосыңыз. 1800 теңгеден кем тұрмайтын күнделік те бар арасында. Бұл - елордадағы ең төменгі баға дейді тұрғындар.

БЛИЦ:

- Қала бойынша 40 теңгеден. Где-то 100 мың теңге кетеді ғой. Қазір бәрі қымбат.

- 20 мың теңге кететін шығар канцтовордың өзіне.

- Тетрадь бұл жерде арзан екен. Басқа жерде қымбат.


Оқу құралдарының қымбаттағанын сатушылар да мойындайды. Баға өсуіне байланысты келушілер де аз дейді.

Оралкүл ТОЙЛАНБАЙҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР:

Өсім байқалады. Әсіресе, тетрадьтікі. Былтыр төмен еді, биыл көтерілді. Жұрттың алысы төмен. Енді 6 мың, 8 мың, 10 мың, әрі кетсе 20 мыңнан артық ешкім көтеріп алмайды.

Онлайн-дүкендердегі кеңсе тауарларының бағасында елеулі айырмашылық бар. Қаламсап жинағы – 500 теңгеден басталады. Түрлі түсті қарындаштар – 4000 теңгеге дейін барады. Сызғыш – 400 теңге тұрса, дәптер – 50 мен 100 теңге арасында сатылып жатыр. Қоғамдық саясат институты бір баланы мектепке дайындау үшін шамамен қанша қаражат  кететінін есептеген. Құрал-жабдық, киім-кешегін, сөмкесін барлығын қосқанда - 83 мың 865 теңге қажет көрінеді.  Ал елімізде   487 мыңнан астам отбасында 4 және онан көп бала бар. Әр балаға ай сайын 12 252 теңге ғана жәрдемақы  төленеді.

А. Задабек