Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл медицина саласына 5 мыңға жуық грант бөлінген

  • AstanaTV
  • 10 тамыз 2022
  • 1546

Дәрігер боламын деген талапкерлер үшін елімізде 5 мыңға жуық оқу гранты бөлінді.  Ол «Мейірбикелік іс», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Дәрігерлік емдеу ісі», «Жалпы медицина»  мамандықтары бойынша қарастырылған. Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі Үкіметпен  және "Аманат" партиясымен бірлесе отырып жаңа бағдарламаларды іске асыруда. Енді грант саны жыл сайын өсіп, 2025 жылда тек резидентураның өзіне 2000 грант бөлінеді. Күрделі салалардағы дәрігер мамандар дайындалады.  

Дәулет АЛДЫНҒҰРОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ АДАМИ РЕСУРСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Медицина мамандығына деген сұраныс жоғары. Елде кадр тапшы. Сондықтан бітіріп шыққан түлектердің барлығы жұмысқа бірден орналасады. Биыл бітірген түлектердің 99 проценті жұмыспен қамтылды. Қауіпті індетпен күрестен кейін, Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина саласына ерекше назар аударып, білікті мамандар даярлауға қолдау көрсетуде. Студенттердің шәкіртақысы екі есе көбейіп,  дәрігерлердің жалақысы  артты.

А. Базарбай