Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршінді қатты жұлқылаған. Салдарынан баланың сүйегі сынған. Тәрбиеші жұмыстан кетті, ал балабақша директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, тәрбиешілердің балаларға қол жұмсауы, денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балабақша жұмысына қатысты ата-аналардан шағым көп түседі. Жекеменшік балабақшалардың қызметін ешкім ретке келтірмейтінін айтып, шара қолдануды талап етеді дейді.
Майра МЕЛДЕБЕКОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Балабақшадағы құқықбұзушылықты азайту үшін және олардың жұмысын ретке келтіру үшін біз лицензиялауды енгізіп отырмыз. Бұл балалардың қауіпсіздігін реттейді деп есептейміз.
Ә. Дүкембаева