Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршінді қатты жұлқылап, сүйегін сындырған

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2022
  • 2249

Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршінді қатты жұлқылаған. Салдарынан баланың сүйегі сынған. Тәрбиеші жұмыстан кетті, ал балабақша директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, тәрбиешілердің балаларға қол жұмсауы, денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балабақша  жұмысына қатысты ата-аналардан шағым көп түседі. Жекеменшік балабақшалардың қызметін ешкім ретке келтірмейтінін айтып, шара қолдануды талап етеді дейді.   

Майра МЕЛДЕБЕКОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балабақшадағы құқықбұзушылықты азайту үшін және олардың жұмысын ретке келтіру үшін біз лицензиялауды енгізіп отырмыз. Бұл балалардың қауіпсіздігін реттейді деп есептейміз.


Ә. Дүкембаева