Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы қаласының әкімі денсаулық сақтау нысандарын аралады

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2022
  • 1295

Алматы әкімі Ерболат Досаев мегополистегі денсаулық сақтау нысандарының жағдайымен танысты. Шаһар басшысы алдымен Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына барды. Орталық жыл сайын 12 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетеді, мамандар жоғары қауіпті санаттағы 9000-нан астам босануды қабылдайды. Алайда, орталықтың қолданыстағы инфрақұрылымы, әсіресе операциялық-реанимациялық бөлімшелер мен емханалар күрделі жөндеуді және жаңғыртуды талап етеді. Операциялық бөлмелерді желдету  жүйесі мүлдем жұмыс істемейді, жылыту жүйелерін, кәріз құбырларын ауыстыру, шатырды, лифтілерді жөндеу қажет.

Қала әкімі жағдаймен толық танысып шығып, жауапты мекемелермен біріге отырып мәселені 2023-ші жылға дейін шешуді тапсырады. Сондай-ақ, Ерболат Досаев қаладағы үш ауданның халқына қызмет көрсетіп тұрған №7 қалалық ауруханаға  барды.  Онда ескі корпустың операциялық блогын  модернизациялауды тапсырды. Жобалау жұмыстарына қажетті қаражат биыл  бөлінеді.  Ерболат Досаев  Жетісу ауданындағы алпыс мыңнан астам адам тіркелген №11 қалалық емханада да болды.  Емхана бір ауысымда 700 келушіге арналған. Емхана корпустарының бірінде сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталуда. Алматы әкімі құрылыс басқармасына құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Қала басшысы    онкологиялық орталықта болды. Қазір Медеу ауданында 250 төсектік онкологиялық орталықтың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қала әкімі Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, атап айтқанда, «қадамдық қолжетімділік» қағидаты аясында халықты сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Б. Сатуов