«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасына ауылдықтар қызығушылық танытып отыр. Өйткені өз алдына іс бастап, кәсіппен айналысуға тырысқан еті тірі ағайын жеңілдетілген несие мен арзан техникаға мұқтаж. Сондықтан екі пайыздық өсіммен берілетін несие тұрғындар көңілінен шықты.
Тілекжан ҚАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Суммасы 7 миллион 600 мың деп жатыр ғой. Сол суммадан кішкене көбірек ақша берсе екен дейміз. Жаңағы техника бәрі қымбат, сол қолжетімді сумманы жоғарылатса екен. Жақсы бағдарлама жастарға да көтерілуге.
Президент тапсырмасымен бекітілген «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бойынша ауылдықтар жеңілдетілген несие ала алады. Бірақ бұған екінші деңгейдегі банктер қатыстырылмайды. Бұл үшін шаруалар арнайы шот ашса жеткілікті. Ал кооператив құрғандарына жеңілдікпен берілер несие көлемі қомақты.
Зульфия КУБЕЕВА, АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Біздің сұрақтарымыз, қандай ұсыныстар бар екен, қандай кедергілер бар екен осы кәсіпкерлікті дамытуға? Әкімдердің өздері де айтып жатыр: біз де өткеннен кейін нақты бағдарлама бекітілгеннен кейін олар да осы да халықпен кездесулерді, түсіндірме жұмыстарын өткізейік деп.
Шаруаларға ұнаған кәсіп түрін айқындауға ауыл әкімдері көмектеседі. Бұл үшін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдері мен партия мүшелеріне арнайы курстар ұйымдастырған. Елдің экономикалық сауатын ашып, белсенділігін арттыру үшін 2 мыңнан астам адам оқытылды.
Мұрат МҰҚАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Ең басты мақсаты бұл жобаның – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру, өмір сүру сапасын арттыру. Тұрғындармен кездесулер бұл ашық форматта, диалог ретінде жүреді. Әр сұраққа жауап беріп, сол жерде күрделі мәселелер болса, штабта үлкен сараптама жасап, талқыланып, дұрыс шешімдер қабылданады.
Партиялықтар өңірдегі елдімекендерді көбірек қамтуға ниетті. Мобильді топтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі 400-ге тарта ауылда кездесу өткізбек. Ауылдағы ағайын айтқан ұсыныстардың өтімдісі заңды бекітіледі.
Е. Карин