Русский Сайттың толық нұсқасы

18 жастағы жігіт әжесін қасақана өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберген

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2022
  • 1084

Алматыда 18 жастағы жігіт  әжесін қасақана өлтіріп, кейін  үйді өртеп жіберген.  Күдікті 12 жылға сотталды. Оқиға 2020 жылдың қарашасында Алматыда Медеу ауданында болған. Жеке үйлердің бірінде өрт шығып, сол жерден әйелдің денесі табылған көрінеді. Сот-медициналық сараптама әйел  жедел жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жеткіліксіздігі салдарынан көз жұмғанын көрсеткен.  Сондай-ақ, қосымша сараптама қорытындысымен оның қылқындыру кезіндегі механикалық асфиксия себебінен қайтыс болғаны  анықталған.

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Марқұмның 18 жастағы немересі қасақана кісі өлтірді деген күдікке ілінген, ол өз кінәсін мойындап, сол күні отбасылық жанжал кезінде әжесін қылғындырып өлтіргенін айтты. Үйдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды иемденіп, қылмыстың ізін жасыру үшін қасақана өрт шығарған.

Ә. Дүкембаева