Елорда мектептерінің бірінде есепші мен шаруашылық қызметкері 7 жыл бойы мемлекет қаражатын жеп келген. Олар бұл қылмысты өздерінің қызметтерін пайдаланып жүзеге асырған. Еден жуушылардың есепшотына артық ақша аударып, кейін "қателесіп кетіппіз" деп өзара бармақ басты, көз қысты іс-әрекетпен мемлекет бюджетінен түскен қаражатты бөлісіп келген. Жалпы сомма -197 миллион теңге. Есепшілер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері осындай 22 қылмыстық іс тіркеліп, оның 9-ы сотқа жолданған. 15 азамат жауапкершілікке тартылған.
Асанғазы СЕРҒАЗЫҰЛЫ, НҰР-СҰЛТАН қ.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Ұлттық координациялық жедел медицина жоқ аппаратураны қабылдап, Сол жоқ аппаратураларға ақша аударылған. Іс жүзінде ол аппаратуралар келмеген, қағаз жүзінде бәрі қабылданған. Қазақстан елінің, қазақ халқының салығынан бюджетке түсетін ақша қаражаттары жымқырылып отырған.
А. Базарбай