Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина балаларға 7 жастан бастап салынуы мүмкін. Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр. Айта кетейік, Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы 12 жастан бастап егілуде. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері 7 205 бала ауруханаға түскен. Инфекционист дәрігер коронавирустың жаңа түрлері көп жағдайда өкпені емес, қан тамырлары мен ішекті зақымдайды дейді. Балалар үшін де қауіпті болғанын айтады.
Динагүл БАЕШЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТЫС БАС БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСІ:
Біздің консультативтік комитет балалардың егілетін жасын төмендетуді қарастыруда. Бірақ біздің клиникалық хаттамаларымыз бен басқа да инновацияларымыз әрқашан дәлелдемелік базаға, халықаралық ұсыныстарға негізделгенін білесіз. Алғашқы ұсыныстар пайда болғаннан кейін біз бұл мәселені дереу қарастырамыз. Бүгінде біз осы құжаттардың барлығын зерттеп жатырмыз.
Ә. Дүкембаева