Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында жарылыс болып, бір адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2022
  • 1170

Ақмола облысында жарылыс болып, 41 жастағы азамат көз жұмды. Екінші ер адам мен оның 4 жастағы баласы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға  Тайтөбе ауылындағы жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Үй егесі мен оның ағасы көмір сұрыптап жатқанда белгісіз зат жарылған.  Тексеріс кезінде механикалық зақымдалмаған газ баллоны тәркіленді. Жарылыстың шығу көзін анықтау үшін медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.

А. Задабек