Русский Сайттың толық нұсқасы

«AMANAT» партиясы 30 мыңнан астам балаға жаңа оқу жылына қажетті жиынтықтар сыйлайды

  • AstanaTV
  • 15 тамыз 2022
  • 1630

Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Баланы мектепке жинайық!» республикалық акциясы басталды. Мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасылары балаларын  мектепке дайындауға көмектесу.  30 мыңнан астам баланы   жаңа оқу жылына арналған жиынтықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Валентина Григорьева – 6 баласын бір өзі асырап отыр. Жолдасы оларды тастап кеткен. Алимент те төлемейтін көрінеді. Жалдамалы пәтерде тұрады. Тапқан таянғаны балаларының тамағынан аспайды. Ал оларды мектепке дайындауға шамасы келмеген. Сол себепті «AMANAT» партиясының облыстық филиалына жүгініпті.

Валентина ГРИГОРЬЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Шынымды, айтсам кімнен көмек сұрарымды білмедім. Содан  «AMANAT» партиясына жұма күні хабарласқам. Бүгін міне, балаларға қажетті заттарды алып келді. Олар өте риза болып жүр. Бұдан өзге бізге азық-түлік те әкелді. Сондықтан, партияға алғысым шексіз. Маған әрдайым көмектесіп тұрады.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Биыл да біз бұл жұмысты әдеттегідей тамыз айынан бастап кеттік. Балаларға қажетті дүниелерді әкеліп бердік. Бұған депутаттар, кәсіпкерлер демеушілік жасады. Сондықтан, барша қалталы азаматтарды осы акцияны қолдауға шақырамын.

«AMANAT» партиясының шымкенттік өкілдері де көпбалалы отбасыларға  жәрдем көрсетті. Солардың бірі -Заитовтар отбасы. 30 жастағы келіншектің тоғыз перзентінің төртеуі мектепке барады.  

Ление ЗАИТОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Үлкен көмек көрсетіп жатыр. Депутат маслихата Наргиза Керімбаева сонымен бірге «Amanat» партиясы сіздерге үлкен рахмет. Осы балаларымыз формасына, оқу құралдары алғыс атамын сіздерге рахмет.

Ал, Шығыс Қазақстанның 2 жарым мың оқушысына акция аясында жаңа оқу құралдары беріледі. Аманаттықтар сыйлықты  алғашқылардың бірі болып Мүшелбаевтар отбасының балаларына табыстады.  

Әсел МҮШЕЛБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
 
Өзім инвалидпін, екінші группада. Жолдасым ғана жұмыс істейді. Табысы өте аз. Жетпейді 4 балаға киіндіргені. Көп-көп рақмет айтып тұрмын партия "Аманатқа".


Партияның ұйымдастыруымен демеушілер есебінен балалардың барлығына оқу жабдықтарымен қатар, мектеп формасы да сыйға тартылды.

Қ. Мерей