Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан басшысы Тереза Мэйді премьерлік қызметімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2016
  • 2364

Бүгін Тереза Мэй Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісті. Осыған орай Қазақстан басшысы құттықтау жеделхатын жолдады. Онда президент Ұлыбританияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанды қолдауын жоғары бағалайтынын жазған. Сондай-ақ екіжақты қатынасты одан әрі дамытуға ниетті екені айтылған.

Тереза Мэй - Елизавета 2-ші патшайымның 13-ші премьер-министрі. Ол үкіметті басқарған Маргарет Тэтчерден кейінгі екінші әйел. Нұрсұлтан Назарбаев премьерлік тағын босатқан Дэвид Кэмеронға Астана-Лондон байланыстарын нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ келер жылы өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.