Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2022
  • 1487

Шымкентте 1 жасар бала токқа түсіп қайтыс болды. Оқыс жағдай Нұртас шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының айтуынша, үйде «Әсел» пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электр сымды қолымен ұстап қалған. Бала сол жерде көз жұмды. Оқиғаның  мән-жайын  полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, жас отбасының бұл - бесінші баласы. 

А. Төребекқызы