48 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ол білім ошақтарында күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған. Батыс Қазақстан облысында 12 мектеп дайын емес. Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында да осыған ұқсас жағдай. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін созылуы да мүмкін. Министрдің айтуынша, биыл жаңа оқу жылында 81 мектеп пайдалануға беріледі. Бірақ мұнымен де үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмейді.
Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Әсіресе Алматы облысында 56 мектеп үш ауысымды болып, үш ауысымды мектептердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді.Аталған проблемаларды шешу үшін әкімдіктер жаңа оқу жылына дейін мектептерді мерзімінде қолданысқа енгізу, жылдың соңына дейін қалған мектептерді де салып бітіру бойынша шара қабылдаулары қажет.
Б. Сатуов