Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада Республикалық жас педагогтар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 16 тамыз 2022
  • 2358

Елордада "Жас ұстаз: табысқа апарар жол" атты бірінші республикалық жас педагогтар форумы өтті. Шарада еліміздің барлық аймағынан келген жүзден астам жаңа буын өкілдері бас қосты. Олардың арасында Түркістаннан келген жас маман,қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдолла Нұрлан да бар. Ол өз әріптестеріне заманауи мектепте сұранысқа ие тақырыптар бойынша жеке шеберлік сағатын ерекше форматта ұсынды.

Абдолла НҰРЛАН, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Шеберлік сағатымның тақырыбы: Сахналық көріністермен, халқымыздың төл өнері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы, шеберлік сағатым орыс тілі оқылатын мектептердегі ұстаздарға пайдасы болады.

Жас мұғалімдерді  кәсіби дамыту бойынша  республикалық форум  еліміздің бірнеше өңірінде ұйымдастырылған. Өскемен, Қостанай, Қарағанды облыстарында педагогтармен кездесу өтті.Ауықымды жоба Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың идеясымен жүзеге асырылуда.  

Күләш ШӘМШИДИНОВА, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Жас ұстаздар маман ретінде, ұстаз ретінде дамығысы келеді екен. Осыған байланысты құрылып жатқан алаң, бұл тәжірибемен бөлісетін алаң, қиналған сауалды жауап іздейтін алаң, бұл жерде бір-бірімізбен кездесіп отырып, дер кезінде мұғаліммен көмек көрсету мәселесі.

Ә. Дүкембаева