Ақтөбеде қаңғыбас иттер талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды. Полицияның мәліметінше, 12 жастағы оқушының өлімі қайғылы оқиға деп танылған. Жантүршігерлік оқиға Ақтөбенің Есет батыр ауданында болды. Кешке ауласына ойнауға шыққан 12 жастағы Мадияр Шакираттың мәйітін жақындары сол маңдағы құрылыс алаңынан тапқан. Анықталғандай баланы сау жерін қалмай қаңғыбас иттер талап тастапты. Оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалып, екі ай бойы тергеу-тексеру шаралары жүргізілгенімен, іс жабылды.
Нұрболат СҰЛТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Сот медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғаны анықталды. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс токтатылды.
Б. Рақметова