Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жолаушыға лық толы автобус жүргізушісі есінен танып, артынша көз жұмды

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2022
  • 2210

Алматыда жолаушыға лық толы автобус жүргізушісі  көз жұмды. Оқиға қала сыртындағы «Водник» ықшамауданында болған. Нөмірі 124-ші бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатқан жүргізуші аялдамаға тоқтағанда  өзін жайсыз сезінген. Кейін есінген айырылған. Жолаушылар ер адамның хәлін көріп, бірден жедел-жәрдем шақыртыпты. Бірақ ол  ауруханаға жеткен бойда көз жұмған. Қайғылы жағдайға қатысты автобус паркіндегілер пікір білдірді. Олар жүргізушінің денсаулығында кінәрат болмаған дейді. Рөлге отырарда мамандардың жіті тексеруінен өткенін айтады.  

Малика ЯКУПОВА, «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС ЭКСПЛУАТАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жүргізуші жігіт компаниямызға жақында келген болатын. Тәжірибесі бар маман. Сол күні рейске шығар алдында оны әдеттегідей біздің медициналық мамандар тексерген. Қан қысымы немесе жүрек ауруы дейтіндей диагнозы болмаған. Барлығы аяқ асты болып отыр.

Ә. Лесбек