Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз қаласында көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2022
  • 2057

Тараз қаласында көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті.  102 жедел басқару орталығына қала тұрғынынан хабарлама түскен. Ол қаладағы мөлтек аудандардың бірінде   аулада тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігінің жоғалып кеткені туралы айтқан. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Оның  Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған автокөліктерді түнгі уақытта ұрлаумен айналысатыны анықталды. Осыған  дейін  13 көлікті ұрлап, басқа өңірлерге төмен бағада сатып отырған. Ал машина  нөмірлерін дәретханаға тастаған. Қазір күдіктінің басқа  сыбайластарының бар, жоғы анықталып жатыр.

Асылхан ЗӘУІРБЕКОВ, ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Аталған тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1- тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Құрметті облыс тұрғындары ұрлықтын алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтауды сұраймыз.

Б. Жұмабайұлы