Русский Сайттың толық нұсқасы

Жерге түкіргендерді камера анықтайды

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2022
  • 1453

Жерге түкіргендер жазаланады. Елордада  көшеге арнайы бейнебақылау камералары орнатылмақ, сол арқылы түкіргендер анықталады. Бұл   тәртіп бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді дейді   депутаттары. Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға қатаң түрде тыйым салынған. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады,  айыппұл арқалайды. Көпшілік жерде түкіру ерсі ғана емес,  түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін дейді мамандар. Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгініп, сөзін растау үшін фото немесе видеоны қоса жіберуіне болады.

А. Базарбай