Риддерге қыс келді. 1870 м биіктікте орналасқан Проходной белок аймағын қар басып қалды. Оның фотосын желі қолданушылар жариялаған. Ал жұрт түрлі пікір жазып, табиғаттың тосын мінезіне таң қалып жатыр. Қазгидрометтің мәліметінше, 18 тамызға қараған түні Риддердің таулы аймағында қар жауған. Сионптиктер еліміздің шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ болуы мүмкін екенін айтады.
Ә. Дүкембаева