Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутат қоғамдық орында түкіретіндерді жазалауды ұсынды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2022
  • 2219

Түкіру мәдениетсіздік қана емес, адам денсаулығына зиянды әрекет. Бұл мәселені Алматы қалалық мәслихатының депутаты, белгілі журналист Сергей Пономарев көтерді. Оның айтуынша, көшелерде, қоғамдық орындарда түкіргендерді заңмен жазалау қажет.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Сергей Пономарев қоғамдық орында түкіретіндерді заң тұрғысынан жазалауды ұсынды. Өйткені адам түкірігі жиіркенішті әрі, қоршаған ортадағы адамдардың денсаулығы үшін өте зиян дейді. Ол әріптестеріне және қала әкімдігіне шұғыл түрде қоғамдық орындарда қосымша тәртіп ережелерін әзірлеп, түкіруге ғана емес, темекі тұқылын, қоқыс, пісте, сағыз лақтыруға да тыйым салып, мұны заңнамамен бекітуді ұсынды

Сергей ПОНОМОРЕВ - АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұл туралы күнделікті өмірде жиі айтамыз. Ашуланамыз, мәдениеттілікке шақырамыз. Алайда адамдар көлік, автобус терезесінен, қоғамдық орындарды, балалар алаңында, тіпті тротуарда түкіруін қояр емес. Бұл мәдениетсіз әдет тек жағымсыз және жиіркенішті ғана емес, денсаулыққа да қауіпті. Барлық жанашыр азаматтарды осы бастаманы қолдауға шақырамын, қаламызды сүйетінімізді сөзбен емес, іспен көрсетейік.

Түкірудің зиянды тұстары көп екенін мамандар да растайды. Алматы қаласының инфекционист-дәрігері Тамара Утаганова түкірік арқылы түрлі бактериялар тарайтынын айтады.

Тамара УТАГАНОВА - ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕР:

Иммунитеті төмен адамдарымыз да бар бізде. Қант диабеті бар адамдар немесе бауыр жетіспеушілігі өкпе жетіспеушілігі. Адамдарға кейде өзіміз ойлаймыз бұл қайдан ауырып қалды деп. Сонда осындай түкірік, қақырық, қоршаған ортаныңы таралауында осы біздің адамзаттың ауруына үлкен ықпалын тигізетінін айтып өтуіміз керек.

Қоғамдық орында түкіруге өзге мемлекеттер әлдеқашан тыйым салған. Көрші Қырғызстанда жағымсыз әдетті болдырмау үшін 2019 жылы арнайы заң қабылданған. Сол сияқты Үндістан, Қытай және Сингапурда да бұл мәселе шешімін тапқан.

Б. Сатуов