Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық өрт сөндірушілер жасөспірімді тілсіз жаудан құтқарды

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2022
  • 2107

Елордада "Аси" тұрғын үй кешенінің он екінші қабатындағы пәтер өртенді. 14 жастағы бала іште жалғыз қалған. Қызыл жалын жатын бөлмедегі жиһаздарды шарпыған. Барлау барысында өрт сөндіруші көк түтін басқан пәтердің терезесінде тұрған баланы байқап қалып, оны аман есен сыртқа алып шықты. Қазір жеткіншек ауруханада.

Жалғас ЖАУЫНБАЙ, №6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БӨЛІМШЕ КОМАНДИРІ:

Көрген сәтте сұрадым, "жағдайың қалай? жақсы ма?" деп. Ол жауап бере алмады. Басын изеді. Сосын құтқару маскасын кигізіп, клапан деген бар ауаны кислородты көп береді қолмен арнайы. Сол арқылы ауаны көбірек беріп, қарауыл бастығы екеуіміз бірігіп оны таза ауаға алып шықтық.

А. Базарбай