Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысы Шөлдала шекара заставасына отан алдындағы борышын өтеуге келген жас жауынгер көз жұмды

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 2082

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп қайтыс болған сарбаздың денесін, жақындары жер қойнына тапсырды. Қайғылы жағдай 19-шы тамызда. Шөлдала шекара заставасында болған. Марқұмның мәйіті түнгі ондар шамасында атқора маңындағы жем-шөп сақтайтын қоймада табылған. 2004 жылы туылған бозбала Атыраудан келген, биыл көктемде ғана әскерге шақыртылған. Алайда бұл келеңсіздікке қатысты жауаптылардан жауап алу мүмкін болмады. Әскери прокуратура тергеу басталғанын, сондықтан ешқандай ақпарат бере алмайтындарын қысқа қайырды.

Б. Жұмабайұлы