Русский Сайттың толық нұсқасы

700-ден аса киік мүйізін Қытайға 15 млн АҚШ долларына сатпақ болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1383

Қарағанды облысында "Қызыл кітапқа" енген киіктерді атып, оның мүйіздерін Қытайға сатпақ болғандар ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция хабарлады. Ұсталғандардан 150 келі мүйіз тәркілеген. Мұнша көп мүйізді алу үшін қылмыскерлер 366 киікті атып өлтірген, - дейді құзырлылар. Қара нарықта киік мүйізінің 1 келісі 5 мың долларға дейін бағаланатын көрінеді. Оңай ақшаға құныққан 6 адамның кім екенін анықталып отыр. Олар Қарағанды және Ұлытау облыстарының аумағында жылдар бойы киелі жануарды заңсыз атумен айналысып келген дейді. Қазіргі таңда күдіктілердің 3- еуі ғана қолға түсті. Қалғандары іздестірілуде. Кінәлері дәледденсе, 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

Аслан ӨСКЕНБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД КПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Күдіктілерден таразы, пышақ суық қаруы, тіркелмеген қару және автомототехника тәркіленіп алынды. Аталаған факт бойынша ҚР ҚК – нің 339- 1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды».

А. Қуаш