Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көлік жүргізуші куәлігі заңсыз берілген

  • AstanaTV
  • 22 тамыз 2022
  • 1030

Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Олар көлік жүргізуші куәлігін заңсыз алуға көмектескен. Бұл қызметі үшін 200 мың теңгеден алып отырған. Қылмыстық топ мүшелерінің барлығы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері болып шықты. Олар ақша берген адамдардың тізімін жасап, оларды емтиханға еш тексерусіз кіргізген. Өз кезегінде емтихан тапсырушылар құлаққаптармен, микрофондармен, кішкентай камералармен жабдықталған. Еш қиналмастан сынақ тапсырғысы келгендерге дұрыс жауаптарды жалдамы пәтерде отырып, айтып отырған. Пәтерді тінту кезінде полицейлер 6 млн 690 мың теңге, 1 мың 800 АҚШ долларын тәркіленді. Полицейлер тексеру барысында құрылғымен жабдықталып емтиханға кіргелі тұрған азаматты да ұстаған.

Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қанша адамның осылай заңсыз жолмен жүргізуші куәлігін алғаны әзірге белгісіз. Олардың тағдыры не болатыны да беймәлім.

Б. Рақметова