Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаңтар оқиғасы: ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 104 адам сотталды

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2022
  • 1530

Қаңтар оқиғасы кезінде кейбір азаматтар ұйымдастырушылар мен арандатушылардың азғыруына еріп, қылмыс жасауға дейін барған. Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов осы оқиғаларға тікелей қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмысы әлі аяқталмағанын айтты. Полиция 4 мың 600-ден астам қылмыстық істің 971-ін тергеп болған. 609 іс сотқа жіберілді.

Санжар ӘДІЛОВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды. Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар.

Полиция өкілінің айтуынша, бұрын сотталмаған, оң мінезделетін және шығынды өз еркімен өтеген 421 күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен, кепілмен немесе үйде қамауда ұстау сияқты бұлтартпау шарасымен босатылған. Ал, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы күш қолданған азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, бүлік кезінде ұрланған 2087 қарудың қайда кеткені әлі белгісіз. Полиция бүгінгі дейін 873 қаруды тауып, тәркілеген.

Г. Сейтенова