Өткен 7 ай ішінде 156 адам жол апатынан көз жұмған. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Олар жол апатының 9 пайызға, ал оның салдарынан адам өлімінің 17 пайызға артқанына алаңдаулы. Апаттың белгілі бір бөлігі жылдамдықты елемейтін жүргізушілердің кесірінен болады деді. Тағы бір бөлігі жаяу жүргіншілердің жауапсыздығынан деп отыр.
Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Жол көлік оқиғаларында қайтыс болғандардың және жарақат алғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді құрайды. Биыл 308 жаяу жүргінші қаза тауып, 2 мың 168 жарақат алды. Жаяу жүргінші болу – өте жауапты. Жолдағы қауіпсіздік жалпы алғанда жаяу жүргіншіге де, жүргізушіге де байланысты. Және тәуекелдер екі жақтан да бар.
Сорақысы сол жол апаты құрбандары арасында балалар саны азаймай тұр. Олар көбінесе жол жүрісі қағидаларын білмеу немесе немқұрайлы қарау салдарынан жол-көлік оқиғаларының себепшісі болады. Жол бөлігінде ойнаған, тіпті белгіленбеген жерлерден көшені кесіп өту деректері бар.