Алматыда 20-ға жуық жатақхана санитарлық талапқа сай келмейді. Жоғарғы оқу орындарына тиесілі студенттер үйінде жөндеу жұмыстары бітпеген. Кейбіреуі тіпті енді ғана бастапты. Жаңа оқу жылы қарсаңында «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері жатақханаларға тескеріс жүргізді. «Қазақ спорт және туризм» академиясының студенттер үйін аралады. Салынғанына жарты жыл ғана болған ғимарат бүгінде күрделі жөндеуді талап етеді. Есік, терезелерінің тозығы жеткен. Бөлме ішіндегі жиҺаздарыда ескірген. Дәретхана мен жуынатын бөлмелері де лас.
Әкежан КЕҢЕСОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Мониторинг барысында жалпы жатақхананың жаңа оқу жылына дайын еместігі анықталды. Тарақандар бар басқа да жәндіктерді көрдік. Одан бөлек жалпы капитальный жөндеу жұмыстары жүргізілмегені көрініп тұр. Университеттердің ішінде 15-20 жатақхана әлі де дайын емес. Дайын емес универститеттердің жатақханалары тікелей республикалық деңгейде көтерілетін болады.
Студенттер үйі 260 адамға арналған. 65 бөлмеден тұрады. Тәлім алушылар айына 7 жарым мың теңге төлеуге міндетті. Білім беру ұйымы олқылықтарды түзейтіндерін айтты.
Ә. Лесбек