Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде лаңкестік кезінде жараланған азаматтарға 9 млн теңге бөлінді

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2016
  • 2610

Ақтөбеде болған теракт кезінде жарақат алған 18 азаматқа қаржылай көмек көрсетілетін болды. Оған облыстық бюджеттен 9 млн теңге көлемінде ақша бөлінді. Қазір зардап шеккендер тарапынан керекті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп  жатыр. Қаржылай көмек азаматтардың алған жарақаттарының ауыр-жеңіліне байланысты төленеді. Ол әр адамға 400 мың теңге мен бір млн теңге аралығында.

Мадьяр Қабыл, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары:

11 азамат жергілікті бюджеттен 400 мың теңге көлемінде қаражат алатын болды. 5 азаматқа  орташа-ауыр жарақат алған 500 мың теңге көлемінде қаражат қарастырып отырмыз. Сонымен қатар аса ауыр жарақат алған сол кездегі Жетыгарин атты азаматқа 700 мың тг көлемінде және 5266 әскери мерзімді қызметін өтеп жүрген солдатқа аса ауыр жарақат алуына байланысты 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсету жөнінде шешім қабылданды.

Естеріңізге салсақ, аталған қайғылы оқиға кезінде Ақтөбеде 30 шақты адам түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға түскен. Оның жартысынан көбі алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылып, 18-і ауруханаға жатқызылған болатын. Қазір олардың біреуі ғана Астанадағы емдеу мекемесінде, қалғандары үйлеріне жіберілген. Лаңкестік қақтығыс кезінде 7 адам қаза болды. Оның үшеуі әскери, төртеуі қала тұрғыны. Облыстық бюджеттен қаза болған бейбіт тұрғындардың отбасына 5 млн теңге берілген. Қалалық кәсіпкерлер палатасы мен депутаттар да 1 млн теңгеден қаржы аударған.