Алматыдағы Сайран көліне балаларын батырмақ болған әйел, мұндай әрекетке жоқшылықтан барған болуы мүмкін. Ол бұл туралы балаларын судан құтқарған мамандарға айтып берген. Қылмысқа тосқауыл болған құтқарушылармен тілшіміз тілдесті. Төртінші баласына жүкті әйелдің әрекетін енді полиция тексермек. Әріптесім Әсем Лесбек жалғастырады.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Оқыс оқиға түскі уақыттар шамасында мына Сайран көлінде болған. 3 баласын ертіп бірден киіммен суға кірген әйелді құтқарушылар байқаған. Олар келіншектің бастапқыда 3 және 4 жасар қыздарын тұншықтырып, кейін өзі де қолындағы сәбиімен суға батқысы келгенін айтқан.
Құтқарушы Ершат Далабаев бүлдіршіндерді ажалдан арашалап қалған. Ол балғындарды жағаға алып шыққандардың бірі.
Ершат ДАЛАБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Обычный киіммен келіп, суға кіріп кетті. Мойнына дейін келетін жерге суға кіріп сосын екі баласын мойнынан ұстап прям суға батырды. Соны көріп жүгірдім. Уже мен жеткенше 2 бала суға тұншығып жатты. Екеуін шығарып әріптестерім жүгіріп келді соларға бердім. Сосын әйел мен кішкентай 1 жарым жасар қызын шығарып алдық.
Қаскөй мұндай әрекетке не үшін барғанын құтқарушыларға айтып берген.
Ершат ДАЛАБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Сұрадық не себеп болды деп едік, сіздер мені түсінбейсіздер. Сол семейный жағдай екен. Каспийымда ақша жоқ. Телефоным бірлікте де ақша жоқ таксиға.
Сәби ЕРЖАНОВ, АЛМАТЫ қ. ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
Құтқарып алғаннан кейін 3 баласын кіргізіп, обогреватель қосып, үстіндегі су киімдерін шешіп, барлығын жыл көрпеге орап отырғызып қойдық. Әйел адаммен сыртта сөйлестік ол кісі шоковое состояниеде болды. да ақшам жоқ деді.
26 жастағы келіншек отбасымен Алатау ауданындағы 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Жолдасы түрмеде қызмет етеді. Өзі 3 баламен үйде отыр. Төртінші баласына жүкті көрінеді.
Ақмарал БАСИРОВА, АЛАТАУ АУДАНДЫҚ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Соседи оказывается.. Бұл әйел біздің орталығымызда тіркеуде тұрған. Жалпы келіншек туралы көршілері жақсы пікірде емес. Балаларына тамақ бермейді. Өмірі аш жүреді. Бұрын да оларды өлтірмек болған екен. Суға батырамын деп күйеуіне хабарласқан. Жолдасы көршілерге айтып, оны дер кезінде тоқтатқан.
Осы оқиғадан кейін балалардың анасын психоневрологиялық орталыққа жатқызыпты. Бүгін қоғамдық денсаулық басқармасы әйелді үйіне шығарғанын айтты. Енді тасбауыр әйелдің әрекетін полиция тексермек.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталмыш дерек қазіргі Әуезов аудандық Полиция басқармасында тергелуде. Тиісті тергеу амалдары және процессуалдық әрекеттер жүргізілу үстінде.
Ал бөбектер дәрігерлердің бақылауында болды. Қазір үшеуінің жағдайы жақсарған. Ауруханадан шығарылып әжесінің қарауына берідген.
Ә. Лесбек